Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Қашықтан оқыту жүйесінде ата-аналар мұғалімнің орнына мұғалім болуға мәжбүр — сарапшы

1588
Рахман Алшанов, сурет: daz.asia
6 сәуірден бастап Қазақстанда жаңа оқу тоқсаны басталды. Студенттер мен оқушыларға бірінші тапсырмасын алды. Алайда, жаңа материалды қазір білікті педагогтар емес, қарапайым ата-аналар түсіндіреді. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың ата-аналардың міндетін барынша жеңілдетеміз деген уәдесіне қарамастан, жаңа оқу процесіне қатысты әсерлер жақсы емес. «Күнделік» электронды күнделігін пайдаланушылардың жаппай қолдануына байланысты платформа көбінесе жұмыс істемей қалады, интернет сапасы да төмендеді.  Қазақстан ЖОО ассоциациясының президенті Рахман Алшанов қашықтықтан оқытудың нәтижесі қалай болатыны туралы айтып берді.

Сыналатын сәт

— Министр оқуға арналған бірнеше цифрлық алаңдар әзірленді деп мәлімдеме жасады, алайда бәрі уәде еткендей болмады. Ата-аналар қашықтан жұмыс істеп, оған қоса мұғалімдерден келген тапсырмалармен балаларын оқытуға мәжбүр. ЖОО-дағы тағы бір мәселе — электронды оқулықтардың жоқтығы. Бұл сонда қашықтан оқытуға дайынбыз деген сөз бе?

— Құжаттама мен нормативтік база технологиялық процесске қарағанда әлдеқайда жақсы дайындалған. Қазақстандық білім берудің әлсіз жақтары бірден түсінікті болды. Тез арада сыртай білім алатындарды қашықтықтан оқуға көшіру қажет. Өйткені мемлекеттік қызметшілер магистр дәрежесін алу үшін жұмыстан кетуі керек. Олардың ешқайсысына оқу үшін арнайы академиялық демалыс берілмейді.

— Бұндай жағдайда сессияны қалай тапсырады?

— Негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістемелері бұрыннан-ақ сынақтан өткізілген. Бірақ ел алғаш рет жаппай қашықтан оқуға көшіп отыр.

Қазірде ЖОО-ының 5-10% қиындыққа тап болып отыр. Министрлікпен үнемі селекторлық жиындар өткізілуде, онда тәжірибе алмасып, жетістіктерімен бөлісуде. Сондықтан ЖОО-дары  жақын арада бұл мәселенің шешімін табады.

Колледждердің жағдайын ешкім ойлап жатқан жоқ. Олардың қашықтан оқуға дайындығы ары кетсе 25% құрайды

Бірақ білім беру мекемелерінің техникалық мүмкіндіктерінен басқа, қалыптасқан жағдай талаптарына біздің IT-инфрақұрылымымыз да сәйкес келмейді. Өткен аптада бүкіл ел zoom-ге шығып, ол мұндай жүктемені көтере алмай қалды. Сосын қауіпсіздік мәселесі де алға шықты. Әлі күнге дейін өзіміздің Республикалық платформасмызды құра алмағанымыз таңғалдырып отыр.

Мектептен тыс оқыту

— Қалай ойлайсыз оқушылар осындай оқу жүйесіне үйрене ала ма? Қалай дегенмен де студенттердің жарасы жеңіл, олар ересек адамдар және жаңа технологияларды тезірек меңгеріп кетеді. 

— Ең ауыр жүк мектепке түсіп отыр. Қағаз жүзінде бәрі жақсы, ал іс жүзінде “баяғы жартас — сол жартас”. Жаңа тоқсанның бірінші күні бүкіл ел интернетке қосылғаннан кейін интернет-арналар қайтадан дұрыс жұмыс істемей қалды. Ал теледидардан берілген сабақтар мен үшін мүлдем түсініксіз.

Оқу пәндері өте көп, оқу тілі де әртүрлі. Олардың барлығын, 1-ден 11 сыныпқа дейінгі сабақтарды телеарналар арқылы беру ақылға сыймайды

Кері байланысты бақылау мәселелі де бар. Ірі қалалар аймақтарға қарағанда бұл тәжірибені тез меңгеріп кетеді. Қала халқының әл-ауқаты жақсырақ, түрлі гаджеттері бар. Маған

бір ауылдан хабарласты, онда бір отбасында мектеп жасындағы бес бала бар, ал ноутбуктары жоқ. Әрең дегенде біреуін тапқан екен, бірақ бесеуі бірдей бір ноутбукпен қалай оқиды?

Қазірде барлық электрондық жүйелер — оқулықтар, “Күнделік” жүйесі — сыннан өтіп жатыр. Буынсыз жерден пышақ ұратыны белгілі. 

— Қазіргі жағдайда не істеу керек?

— Сандық технологиялар министрлігінен  қашықтан оқытуға арналған, сонша мақтаған спутниктер қайда деп сұрау керек, олардың қайда екені және қандай көмек бергені белгісіз. Әдемі есептерде жазылған ақшалардың қайда кеткенін де анықтағанымыз дұрыс болар еді.  Әр апта сайын  бәрі керемет деп есеп берудің қажеті жоқ, жеңді түріп қойып жұмысқа кірісу керек. Тергеу органдары сол ақшалардың қайда кеткенін неге анықтамайды?

— Ата-аналардың атқаратын жұмысын ескеріп, оларға мұғалімдердің жалақысының бір бөлігін төлеу керек шығар?

— Көптеген елдер мектептерін мүлдем жауып тастады. Біз ең болмағанда қашықтан оқыту туралы шешім қабылдадық. Дегенмен,

бар ауыртпалық ата-аналарға түсіп отыр. Олар өздерінің жұмысын істеуі керек. Оған  қоса балаға сабақ түсіндіреді. Бірақ барлығының бірдей жаңа материалды түсіндіруге әлеуеті жете ме?

Заман ағымымен бірге ілесіп жүрген ата-аналар және де өздерін оқытып, үйрету керек болатын ата-аналар да бар екені анық.  Отбасын қалай асыраймын деп жүрген ата-аналар енді оқу процесі мен үй тапсырмаларына басын қатыруда. Көп балалы отбасылардың жағдайы мүлдем нашар.

ҰБТ мен түзетулер

— ҰБТ-ны қалай тапсырамыз?

— Оқу пәндерін толық оқымағанымызды және толық өтпегенімізді ескеру керек.

Ресей БМЕ-ден (ЕГЭ- ред.) бас тартып, үш тоқсанның бағасымен қортынды шығарайық деген ұсыныс білдіруде

Біз де бұл тәжірибені зерделеп көріп, шешім қабылдағанымыз жөн. Қателікке ұрынбас үшін куәлікке төртінші тоқсанның бағасын қоймастан бұрын барлығын талдап, бағалауымыз керек.

Оқу бағдарламасын 100% орындаймыз деп жарысудың ақыры жақсы болмайды. Қазіргі жағдайда бұрынғы стандарттардың барлығын бірдей орындай алмаймыз. 

Әлемді пандемия басып алады, ал біздің мақтаған интернет технологияларымыз бірінші тексергеннена-ақ сын көтермей қалады деп ешкім ойлаған да жоқ.

Біз ҰБТ-ны өткізетін болсақ та, бәрібір қандай да бір түзетулер енгізіп, талаптарын жұмсартуымыз керек. ЖОО-да мамандықтар бойынша емтихан өткізген дұрыс шығар. Білім беру жүйесі жағдайға қарай бейімделуі керек. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз