Желіде алматылық бомждарды қаланың сыртына шығарып тастады, олар жаңбырдың астында қалды деген видео тарап кетті.
«Міне, оларды қазір ғана «Газелмен» әкеліп тастап кетті, жаңбыр басталды. Олар қайда барарын білмейді. Жас балалар мен үлкен кісілер, шалдар мен кемпірлер. Мен кездейсоқ көріп қалдым. Міне, олар мында жатыр, олар тірі ме білмеймін», — дейді видео авторы.
«Мені «Саяхат» жақтан алып келді», — дейді ол.
Полиция департаментінде видеодағы қаладан «Газелмен» әкеліп тастады деген ер адамдарды полиция қызметкерлері бұрын-соңды көрмегенін мәлімдеді.
«Алгоритмге сәйкес, қала ішінде тұрғылықты жері жоқ тұлғалар анықталған жағдайда, оларды Алматыдағы Қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізеді. Қазіргі кезде бұл орталықта 142 адам бар. Ол 150 адамға арналған. Видеодағы азаматтарды полиция қызметкерлері қаланың сыртына шығарды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Алматы қаласының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Шенеуніктер үйсіз адамдар қауіпті инфекцияны таратуы мүмкін деп отыр, сондықтан оларға арнайы ғимарат дайындалды.