Нью-Йорк қаласында тұратын фотограф коронавирустың кесірінен карантинде отырған көрші қызбен танысудың жолын тапты
28 жасар Джереми Коэн өз пәтерінің терезесінен Нью-Йорктің бос қалған көшелерін суретке түсіріп тұрып, көрші үйдің төбесінде билеп тұрған қызды байқап қалады. Ол дронға қағазды бекітіп, онда телефон номерін жазып, танысайық деп ұсыныс білдіреді. Көп ұзамай 24 жасар Тори оған «Сәлем, бұл шатырдағы қыз!» деген SMS-хабарлама жазады.
«Мен бұндай шардың осындай жағдайда кездесуге пайдалануға болатын таптырмас амал екенін білдім. Мен қызды таңғалдырып, көңілін жаулап алдым», – деген жігіт қуанышын жасыра алмады.
Нағыз джентльмен ретінде Коэн Ториге гүл сатып алды, тіпті өзімен бірге антисептик әкелген. Бірақ шардың ішінде тұрғандықтан, оған сыйлығын бере алмады.
«Бізге бір-бірімізбен араласу қиын болды, алайда үнемі күлдік», —дейді Коэн.
Фотограф олардың әр кездесуін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жүктеген. Оның видеороликтері әлеуметтік желіде тез арада тарап, жігіт танымалдыққа ие болды.
«Жақын арада онымен кездесемін деп ойлаймын. Шынымды айтсам, біз әлі үшінші кезедесу туралы сөйлеспедік», — деп мойындады Коэн.