Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ТЖ кезінде жұмыстан шығып қалған қазақстандықтар МӘСҚ-дан жәрдемақы ала алады

376
Сурет: diasporanews.com

Жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының ТЖ кезінде  еркінен тыс  ақысыз еңбек  демалысына щығуға мәжбүр болып, табысынан айырылуына байланысты  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (ГФСС) жәрдемақы алады. Бір қызметкер алатын әлеуметтік төлем мөлшері бір реттік ең төменгі жалақыны немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды.

МӘСҚ-дан берілетін жаңа төлем Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтарына келесі шарттарға сәйкес берілетін болады:

  • әлеуметтік төлем төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға төленеді;
  • төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде үш айында жұмысшы үшін МӘСҚ-ға аударым жасалуы тиіс;
  • әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес жұмысшыларына ғана қатысты.

Жәрдемақы үшін қайда жүгіну керек

Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші  жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органға жүгінуі тиіс. Өзімен бірге төтенше жағдайға байланысты жұмысшыларының табысынан айырылғанын растайтын құжаттары болуы керек

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.

Әлеуметтік төлем жұмысшыға төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін төленеді.

Жұмыстан шығып қалғандар не істейді

Жұмыстан шығарылған қазақстандықтар жұмыстан айырылуына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттік қордан жоғалтқан табысының 40% көлемінде жәрдемақы төленеді.

Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш беру керек. Төлем автоматты түрде іске асырылады.

Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп қойса, әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы (www.egov.kz)  арқылы беруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз