Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялаған еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдын алу шараларының жүзеге асырылып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салды.
Бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елде коронавирустың пайда болуына байланысты ғалымдардың болжамын жариялады.
— Біздің болжамымыз бойынша, елде 11-16 наурыздың аралығында коронавирус пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана. Елде коронавирус пайда болса, біз арнайы ісшараларды қабылдаймыз, — деді Жандарбек Бекшин.