Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қазақстандықтарға Еуропаға барудан бас тартуды ұсынды

Сурет: David Ahntholz / The New York Times
— Бізді Еуроодақ елдерінде, соның ішінде Италияда аурудың таралуы алаңдатып отыр. 8 наурыздан бастап, тек Италия азаматтарына ғана емес, онда болған шетелдік азаматтардың Қазақстанға келуіне тыйым салынды. Италияда коронавирсқа қатысты қолайсыз елдердің тізіміне енгізілді. Яғни мұнда ауру жұқтырғандардың саны өте көп, ел «А» санатына, бірінші топқа жатқызылды. Осыған байланысты Италия Қытайдан кейінгі екінші орынға шықты, — деген Бекшиннің сөзіне  «Казинформ» сілтеме береді. 

Сондай-ақ ол Франция, Германия, Нидерланды, Швеция мен Швейцарияда ауру жұқтырғандардың саны артқанын атап өтті.

— Жағдай әрбір екі-үш күн сайын өзгеріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі 6 қаңтардан бастап тәулік бойы жұмыс режіміне көшті. Бұл жағдайды бақылап, бақылауды күшейту үшін жедел шара қолдануға мүмкіндік береді. Бүгінде бірінші санаттағы елдердің: Қытайдың, Иран мен Оңтүстік Кореяның қатарына Италия қосылды. Біз Қазақстанның азматтарына аса қажет болмаса еуропалық мемлекеттерге, әсіресе жоғарыда аталған елдерге барудан, сондай-ақ, қонаққа шақырудан немесе жұмыс бойынша іссапарға шығудан бас тартуды ұсынамыз, — деді Бекшин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз