Алматыда 5 наурыз күні Мақатаев және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты болды.
Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, ол емханаға жекізді. Жол апаты болған орында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Қалалық полиция департаменті:
«Ford Transit маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде болған», —
деп хабарлады.
Дәрігерлер әйелдің екі аяғын да ампутациялағанын мәлімдеді.
«Әйел адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қажетті көмектің барлығын көрсетті. Науқастың жағдайы өте ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның диагнозы: сол жақ жілік сүйектерінің жабық сынығы, екі аяғынан жарақат алғандықтан ампутациялауға тура келді. Жарақаттық шок алған», — деп түсіндірді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.