Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Біртанов Қазақстанға короновирус инфекциясы келуі мүмкін, дайын болуымыз қажет деді

809
Елжан Біртанов, primeminister.kz сайтынан алынған сурет

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға инфекцияның әкеліну мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді. «Инфекцияны жұқтыру медицинаның даму-дамымауына байланысты емес. Медицинасы жоғары деңгейдері елдер — Жапония, АҚШ, Корея —медицинасы дамымаған елдермен тең дәрежеде инфекциядан зардап шегіп отыр, —

деді Біртанов. Бұл туралы  tengrinews.kz хабарлады. —

— Ауа-тамшы жолымен таралатын бұл инфекция сіздің төлқұжатыңызға немесе кірісіңізге байланысты емес (…)

40-тан астам елді инфекция жаулады, оның қарқыны күннен-күнге артуда. Біз инфекцияның Қазақстанға да келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз және дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

 Бұл жағдайда Үкімет тарапынан қабылданған шараларды азаматтардың түсінуі маңызды. Себебі халық ақпаратты дұрыс түсінбей, наразылық туған жағдайларға куә болдық. Бақытымызға орай, жапа шеккендер болған жоқ, ондай жағдайлар қайталанбауы керек».

Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19-ды түрлі елдерде 82 мыңнан астам адам жұқтырған. 32 мыңнан астам науқас сауығып, 2801 адам қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз