Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

БҰҰ әлем халқы қартайып барады деп дабыл қағуда

277

Сурет: asks.ru

БҰҰ Әлеуметтік даму комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, кейбір елдерде балаларға қарағанда қарт адамдардың саны өте көп, ал бала туу көрсеткіші халық санының өсуіне қажетті деңгейден де төмендеп кеткен. Жер шарының

60 жастан асқан халқы жыл сайын үш пайызға артады, 2050 жылы олардың саны 2 миллиардқа жетеді

деген болжам жасалды.

Бұндай жаһаандық демографиялық өзгерістер адам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, психологиялық және рухани саласына өз әсерін тигізеді.

Әлемдік санаққа назар аударсақ, қарт адамдардың көбісі кәрі құрлық – Еуропаға тиесілі. Ең алдымен алаңдап отырғандар –француз, испандар, ал Азияда–қытайлар. Францияның Статиститка және экономикалық зерттеулер жөніндегі ұлттық институты 2005 жылы елде жасы алпыстан асқан француздардың саны 12,6 миллион адамдай болғанын жазды.  2050 жылы бұл категорияға жататындардың саны 22,3 миллион адамға жетеді екен. Алайда француздардың қартаю процесі басқа еуропалық елдерге қарағанда баяу өтеді. Бұл құрлықта ең алаңдатарлық жоғары көрсеткіш Испания мен Италияға тиесілі.  2050 жылы екі мемлекетте  де жасы алпыстан асқандардың үлесі ел халқының 40 пайызын құрамақ. Ең қауіптісі сол, 2045 жылға дейін Францияда туу көрсеткіші баяулап, ел халқы негізінен сырттан келіп, қоныстанатындардың есебінен көбейеді.

Халықтың қартая  бастауынан көптеген мемлекеттер бірқатар заңнамалары мен зейнетақы бағдарламаларын қайта қарап жатыр. Атап айтар болсақ,  әлемдегі 164 елдің 41-інде зейнетке шығу жасы ұзартылды. Соның нәтижесінде өркениетті елдердің 60 пайызында ерлер  65 жастан зейнетақыға шығады. Еуропа Одағына мүше елдерде еркектер 61,5, ал әйелдер 60 жаста құрметті демалысқа жіберіледі.

2017 жылдың күзінде Бейжің қаласында қартаю үр­дісіне қарсы күрес маман­дарының алғашқы дүние­жү­зілік саммиті өтті. Осы басқосу барысында сарапшылар адам өмірінің ұзақтығы 150 жасқа дейін жетуі мүм­кін деген болжам жасады. Ғалым­дардың пікірінше, қар­таю – тіршілік заңдылығы, алайда, оны дәрігерлер мен гене­тик­тердің бірлескен кү­ші­­мен елеулі түрде тежеуге бо­ла­ды. Дегенмен адам жасын ұзарту қоғам үшін нағыз қа­терлі сын болуы мүмкін. Егер,

егде жастағылардың орта­ша жасы 100-ге жететін болса, онда зейнет жасын 80-ге дейін ұзартуға тура келе­ді.

Бұл өз кезегінде жұмыс орын­дарының жетіс­пеу­ші­лігі­не, ұзақ өмір сүретін­дердің арасында бәсекелес­тік­тің шие­ленісуіне әкеп соқтырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз