Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыстық бапқа ауыстыруды ұсынды

254

Мәдени ерекшеліктер

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы – қоғамдағы ең түйткілді және көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Орыс және қазақ тілді ортадағы пікірталастар бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді. Егер орыс тілді ортада осындай қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынса, онда қазақ тілді сарапшылардың өзі теледидарға берген сұхбаттарында қазақ әйелі көнгіш болуы керек, қалыңдық ұрлау – біздің салтымыз, балалар үшін шыдау керек деген әңгіме айта береді.

Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдерді отбасындағы зорлық-зомбылықтан  дағдарыс орталықтары құтқаруда. Жыл сайын орталықтар 25 мың әйелге заңгерлік, психологиялық көмек және әлеуметтік қолдау көрсетеді. 4 мыңға жуық әйелге уақытша баспана берілді.

Әйелдер барлығына көндіге бермей, мәселенің мәнін түсінуге тырысуы керек.

«Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Зульфия Байсақованың айтуынша, олар әйелдерді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға тырысады.

«Мемлекеттік орталықтарда әйелдер жарты жыл  бола алады. Бірақ дағдарыс орталығының жұмысы уақытша тұрғын үй беру ғана емес. Тұтас бағдарлама кешені бар. Ең алдымен әйелдер жағдайдан шығу жолын тауып, дамудың жаңа деңгейіне шығуы керек. Себебі

әйелдердің 30% орталықтан кейін өз отбасыларына қайта оралады, 12% жағдайда оқиға қайталанады

Қазіргі кезде дағдарыс орталығы отбасындағы агрессорлармен жұмыс істеу стандарттарын әзірлеп жатыр. Бұл біздің қоғамдағы зорлық-зомбылық қаупін төмендетудің маңызды жолы.

Екінші жағдай – тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық іске көшіру.

Бұл барлығын түрмеге жабу керек дегенді білдірмейді. Бірақ ешқандай жаза қолданбау зорлық-зомбылықтың көбеюіне әкеледі.

Байсақованың айтуынша, мәселе балаларды отбасында тәрбиелеуден басталады. Егер әкесі өз баласының көз алдында анасын ренжітсе, бала бұл қарым-қатынас түрін өзіне қабылдап алады.

«Бүгінде жәбірлеуші тергеу изоляторында тек 10 тәулікке қамалады және онда біздің ақшамызға, салық төлеушілердің ақшасына отырады. Неге біз оның түрмеде жатқаны үшін ақша жұмсауымыз керек? Көшені немесе арықтарды сыпырып жүрсін.

Альянс бұның балама жолын  ұсынады. Егер адам қылмыс жасаса, ол міндетті түрде агрессия деңгейін төмендету курстарына барып, қоғамдық жұмыстан өтуі керек.

Соңғы жағдайда, қылмыстың ауырлығына байланысты қылмыстық жауапкершілік шараларын бір жылдан 15 жылға дейін қолдану керек».

Жаңа анықтамалар

Атап айтқанда, Альянс “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”ҚР Заңының жобасы бойынша кодекстің жаңа бабын енгізуді ұсынды.

Мұнда Альянс іскер әйелдері болжанған өзгерістер мен толықтырудың редакциясын ұсынады:

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бір адамның басқа адамға (басқаларға) қатысты физикалық және (немесе) психикалық азап келтіретін немесе келтіру қатері бар, жеңіл дене жарақатымен немесе денсаулыққа өзге де болмашы зиянмен ұштасқан қасақана құқыққа қарсы әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі), адамгершілік зардабы не материалдық немесе моральдық залал келтірсе, агрессорларға арналған түзеу бағдарламасын өтіп, 150 сағаттан 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады,  немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
  2. Дәл сол әрекет: а) отбасының екі немесе одан да көп мүшесіне қатысты жасалған, б) ауырлығы орташа дене жарақатын немесе денсаулығына ауырлығы орташа өзге де зиян келтіруге әкеп соқса 180 сағаттан 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Дәл сол әрекет: a) ауыр дене жарақатын келтіруге немесе денсаулыққа өзге де ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, б) өзіне-өзі қол жұмсауға немесе оған оқталуға әкеп соқса, с) құрбанның өліміне әкеп соқса, 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз