Ухандағы уақытша емханалардың бірінің қызметкерлері коронавируспен ауырған науқастарды қолдағырлары келді. Медбикелер адамдарды клиниканың территориясындағы алаңға шығарып билетті.
Желіде тарап кеткен видеода қорғаныс костюмдеріндегі медбикелер ырғақты қытай музыкасына билей бастағанын көруге болады. Кейіннен оларға ауруханаға жатқызылған адамдар да оларға қосылған.
Адамдар билеген емханада COVID-2019 жұқтырған науқастардың ауруы жеңіл түрде өтуде. Қарапайым физикалық жаттығулар мен билер оларға зиян келтірмейді, керісінше өте пайдалы. Науқастардың бірі музыка мен бидің арқасында езуімізге күлкі үйірілді деп мойындады.