Қала көшелеріне «Сергек» видеокамералары орнатылғаннан бері шоу-бизнес жұлдыздарының әмияндары жұқара түсті
Нұржан Керменбаев бір кездері 300 мың теңгеден асатын айыппұл төлеген
«Бір жолы мен 350 мыңға жуық айыппұл төледім. Бұл ең үлкен айыппұл болды, одан кейін үнемі 20-30 мыңнан төлеймін, дәстүрге айналып кетті. Соңғы уақытта орнатылған видеокамераларды айтатын болсақ, әзірге ешнәрсе келмеді. Шынымды айтсам, мен камераларды мүлдем байқамаймын», — деді Нұржан Shownews.kz. бағдарламасында.
Жахан Отарғалиев Жаңа жылдың алдында ғана 270 мың көлемінде айыппұл төледі. Шоумен жаңа технологиялар оның жүйке жүйесіне ғана емес, сондай-ақ әмиянына да әсер етіп жатқаны туралы мойындады.
«270 мың төлегеннен бері екі ай өтті. Сергек, мен сені жек көремін. Мүмкін ол біреуге керек те шығар, бірақ маған керек емес», — деп Жахан өз пікірін білдірді.
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков өзінің анда-санда жол ережесін бұзып тұратынын жоққа шығармады.
«Мен 150 мың теңге төледім. Мойындаймын, біз концерттерге, тойларға, басқа да шараларға асығып, камераларды байқамаймыз. Бірақ біз де басқалар секілді айыппұл төлейміз», — деді Жанболат.
Ал көп балалы әке Дәурен Айдарқұлов бір тиын да төлемеген және қанша сома жиналғанын да білмейді.
«Мен әлі төлемедім. Онда біраз сома жиналып қалған шығар. «Сергек» ұстамасы ұстағанда төлеймін деп», — деп әзілдеді Дәурен.
«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені — видео бақылаудың интеллектуалды жүйесі. Ол қала көшелері мен жолдарындағы құқықбұзушылықтарды тіркейді, талдайды және болжам жасайды. Сертификаты бар бақылау-өлшеу аспабы.
«Сергекте» видео тіркеу модулінің желісі мен суреттерді жазу және тану, ақпаратты талдап, өңдей алатын интеллектуальды жүйе бар.