Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Теңге бағамы, коронавирус және мұнай бағасының құлдырауының арасында қандай байланыс бар?

442

Трейдерлерге рахмет

Экономист Айдар Құсайынов «Коронавирусқа қатысты жағдай тым әсіреленген. Вакцина табылды, жағдай реттелуде. Ол теңге бағамы мен Қазақстанның экономикасына ешқалай ықпал етпейді» , – деп есептейді. Экономист коронавирус пен мұнай бағасының құлдырауының өзара байланыстылығы мен осыған қатысты басқа жаңалықтар трейдерлер мен биржа алып-сатарларының айла-шаралары екеніне сенім білдірді. Бұл қалыпты жағдай.

Теңге бағамына тек ұзақ мерзімді трендтер ғана әсер етеді

Төлем жасалып, Ұлттық қорға долларлар түсе береді. Олар онда жылдар бойы сақталып тұрады.

– «Мұнай бағасына көп нәрсе тәуелді емес, – деп есептейді сарапшы. Экономика – ұзақ мерзімді тренд. Сіздер атқарылған жұмыстың жалақысын да бір ай өткеннен кейін аласыздар. Трейдерлер нарық тербелістерінің өздеріне ыңғайлы себебін табады.

Экономист бір кездері соғыстың мұнай бағасына әсерін зерттегені туралы айтты. Соғыс пен эпидемия қаржы нарығындағы айла-амалдардың  бірі екенін анықтады.

Валюта бағамы саясатқа байланысты

Қаржы аналитигі Расул Рысмамбетов теңге бағамына қатысты қандай да бір болжам жасау мүмкін емес екенін мойындады.

«Себебі ол көптеген факторларға тәуелді. Олардың

жартысына жуығы – нарықтан тыс, саяси факторлар

Олар қазақстандықтардың әл-ауқатына, мемлекеттік компаниялардың қаржылық тұрақтылығына, жалпы алғанда квази-мемлекеттік сектордың квазиэкономикасына байланысты».

Коронавирустан да қорқынышты факторлар

Аналитик Қазақстанның экономикасы шикізат экспортына тәуелді және болашақта теңге әлсіреуі мүмкін деген пікір білдірді. Бұл коронавирус немесе қандай да індеттен емес, Қазақстан экономикасының әлсіздігінен болады.

– «Әлемдік нарықтағы кез келген оқыс өзгерістер, ҚХР өсімінің төмендеуі мұнай бағасының құлдырауына әкеледі. Бұл рубль бағамына ықпал етіп, ары қарай теңгеге де өз әсерін тигізуі мүмкін, – дейді ол.

Долларға қатысты рубль бағамы теңгеге көбірек әсер етеді

Оның теңгеге әсер ету механизмі айтарлықтай күрделі.

Мәселені екінші қырынан алып қарайтын болсақ, доллар бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеу факторы да әсер етеді. Мөлшерлеме төмендеген сайын, теңгенің долларға қатысты күшеюінің мүмкіндігі жоғары.

Дегенмен АҚШ-та экономикалық өсім байқалады. Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) инфляцияға тап болса, ФРЖ-нің мөлшерлемесі төмендемей, керісінше өсуі мүмкін. Бұл біздің валютамызға төніп тұрған ең үлкен қауіп емес, бұл жағдайда басқа валюталар да әлсірейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз