Қытайдың Ухан қаласындағы ауру жұқтырғандардың саны 20 613 адамға дейін жетті. Дәрігерлер демалыссыз жұмыс істеуде. Қытайлық репортер госпиталда екі сағат жұмыс істегеннен кейін өзінің қорғаныс костьюмін сығып көрсетіп, олардың қаншалықты қиын жағдайда жұмыс істеп жатқаны туралы айтты.
Сондай-ақ желіде Қытай көшелерінде ит жетектеген қарулы адамдардың жүргенін көруге болады. Олармен дайыс зорайтқыштары бар машиналар да бірге ілесіп жүр.
Қорғаныс киімдерін киген адамдар ауыр жұқтырды деп күдіктенген адамдардың қарсылығына қарамастан жедел жәрдем көліктеріне күштеп отырғызып, әкетіп жатыр.
Қолданушылардың бірі ауруханада түсірілген роликті жариялады, онда тірі адамдар мәйіттермен бірге жатқанын көруге болады.
Адамдар қорқыныштан сұмдық әрекеттерге барып жатыр. Желіде Наньчан провинциясындағы Цзянси қаласының тұрғындары Ухан қаласынан келген ер адам мен оның отбасын таяқпен ұрып жатқан видео тарауда.
Сондай-ақ Ухан қаласында түсірілен видео жарияланды. Адамдар каратиндік аумақтан қашып шығуға тырысуда. Олар от шығарып, полициямен қақтығысқа түсуде. Атыс дыбысына ұқсайтын дауыстарды естуге болады.