Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұғалімдер зейнетке қанша жастан шығады — Білім министрі жауап берді

349
Zakon.kz

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің 55-58 жастан зейнетке шығу ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселені біз бірнеше рет талқыладық. Нақты зейнеткерлікке шығу мәселесін айтып отырмыз. Жалпы бізде зейнетке шығу бойынша заңда бекітілген уақыт бар. Біз ұстаздарға мұндай құқық беретін болсақ, онда басқа да саланың, мәселен дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлері тарапынан бұл мәселе көтеріле береді. Сондықтан бүгінгі күні аталған мәселе тек талқылану үстінде. Әлі оң шешілді деп біз айта алмаймыз», – деп жауап берді министр.

Жалақы келесі жылдан бастап өседі

Сонымен қатар, мұғалімдердің жалақысы қай кезден бастап өсетіні жайлы хабарлады.

«Жалақыны көтеру үшін заң қабылдау қажет. Заң осы жылдың ішінде қабылданады деп үміттенеміз. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары бұл жайында айтты да. Сондықтан көпшілігі заңның қабылдануына байланысты болады. Дегенмен біз негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз»,- деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін мәлімдеген еді.

1 қыркүйекте сабақ болмайды

Министр 1 қыркүйек – Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде салтанатты сап түзеу шарасы өткізілетінін де атап өтті.

«Өткен жылы да сенбіге тура келген болатын. Осы тұста өте көп пікірталас бар. 1 қыркүйекте сабақ болмайды. Тек салтанатты сап түзеу шарасы ғана атқарылады. Бұл мереке, Білім күні. Шығып, салтанатты сап түзеу шарасын өткізгеннен кейін үйге қайтамыз», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз