Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

103

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағаны мониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағы және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимде бақылауға болады.

«Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», – деп Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге.

Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктің онлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз