Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы:
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары
Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы
Ұлттық кеңестің мүшелері:
Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Әбдіғалиұлы Берік – Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің “Архив-2025” ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)
Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – қоғам қайраткері, “Серпін” Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)
Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – “Байтақ болашақ” экологиялық альянсы” республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Әшімбаев Данияр Рахманұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Байтасов Арманжан Мерекеұлы – Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Бұқарбай Бақытжан – қоғам қайраткері, “Мен ояндым” акциясының қатысушысы (келісім бойынша)
Дорофеев Михаил Викторович – журналист, “Informburo.kz” мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)
Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Жандосов Ораз Әлиұлы – “Ракурс” экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)
Жолдыбайұлы Қайрат – қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша)
Жұмалы Расул – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – әлеуметтанушы, “Стратегия” әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы” қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – қоғам қайраткері, “Қазақ үні” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)
Кенжеханұлы Рауан – “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Қалиев Талғат Бегімұлы – “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)
Қожахметов Асылбек Базарбайұлы – “Қазақстанның Азаматтық альянсы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Қожық Жәнібек – қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Қуат Дәурен – журналист, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы – қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Мусин Бағдат Батырбекұлы – кәсіпкер, IT-маман (келісім бойынша)
Мұқибек Ауыт – қоғам қайраткері, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)
Мырзахметов Абылай Исабекұлы – “Атамекен” Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Нұрбек Саясат – саясаттанушы, “BTS Digital” білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)
Нұров Қанат Ильяұлы – Алматы жоғары басқару мектебінің және “Аспандау” ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)
Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, “Құқық қорғаушылар” қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)
Орынбек Айгүл – құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша)
Ошақбаев Рахым Сәкенұлы – “Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – “Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Садырбай Асхат Мұратұлы – “Team Qazaqstan” жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Саиров Ерлан Бияхметұлы – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Сарым Айдос Әміроллаұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)
Споткай Максим Александрович – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)
Тайжан Мұхтар Болатханұлы – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – “Адам құқықтары хартиясы” қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы – Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)
Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Чеботарев Андрей Евгеньевич – “Альтернатива” өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
Шибұтов Марат Мақсұмұлы – “Транспаренси Казахстан” қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Шораев Арман Төлегенұлы – “Қазақстан барысы” даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).