Макс Холлоуэй Instagram желісіндегі соңғы видеоларының біріне осындай реакция болады деп күтпеген шығар. Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы бөтелкенің қақпаған айналып теуіп ашып, өзінің жауынгерлік шеберлігін көрсетті.
Гавайлықтың трюгі бірден желіде таралып, көп ұзамай челленджге айналды. Оған ММА әлемінің барлық көрнекті адамдары қатысты, ал кеше кино жұлдыздары қосылды. Bottle Cap Challenge деген атау алған марафонды әлемнің түрлі спортшылары қайталауға талпынып жатыр.