Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Аналар митингі мен логика жайында

344

Сарапшы Алексей Покровскийдің аналар мен билік өкілдерінің кездесуіне айтар өз ойы бар:

Ана мен саясат

“Ана мен бала қамқорлығы — кез келген қалыпты мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі және Қазақстан бұл тұрғыда басқа елдерден ерекшеленбейді. Бірақ кез келген, тіпті ең бай елдерде бұл салада мәселе көп, кейбірінде тіпті өткір. Қазақстан, өкінішке қарай, әлі әлемнің экономикалық алдыңғы қатарлы елі емес, осы “жұмыс майданында” қиындықтарды бастан кешуде. Әрбір жеке оқиға статистикадағы сан ғана болғанымен, әр отбасы үшін нағыз драма.

Көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға көмек көрсету жөніндегі жұмыс әкімдіктерден бастап биліктің ең жоғарғы басына дейін барлық деңгейде жүргізіледі. Президент Тоқаев бірнеше ай ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жағынан осал азаматтарға — бірінші кезекте көп балалы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету мәселелеріне бірнеше рет назар аударды. Алайда, көптеген ата-ана өзін кемелденген ересектер сияқты ұстағысы келмейді. Ең жарқын мысал — Нұр-Сұлтандағы “митинг”, алдымен президент резиденциясы алдында, содан кейін Парламент алдында.

Отызға жуық әйел өздерін “жалғыз басты ана” және “көп балалы ана” деп таныстырды. Шынында да, олардың көпшілігі балаларымен келген — соның ішінде сәбилермен жүргендері де бар… Емшектегі баланы ыстық күнде өзімен бірге “митингіге” апару — бұл балалар үшін пайдалы ма? Дегенмен, кейбір митингшілер кішкентай балаларын үйде қалдырғанын айтты…

Шағымдар логикасы

Әйелдердің басты наразылығы былай тұжырымдалды: “бәріне пәтер тез арада, кезексіз және тегін берілсін!”…Алайда, әңгімелерден кейін олардың кейбірі тұрғын үй алуға кезекке тұрмағандары да анықталды. Бұл, Алладан көмек сұрап, бірақ лоторея билетін алуға ақша қимаған адам жайлы әзілді еске түсіреді. Басқаша айтқанда, айқаймен және жанжалмен жеткізілген баланың әңгімесі сияқты.

Әйелдердің бірі “шалашта” жиырма жыл тұрып жатқанын айтады, кішісіне — 7 ай, үлкені — 21 жаста. Кешіріңіз, ханым, күйеуіңіз осы жылдар бойы немен айналысты? Ол мүлдем жұмыс істемеді ме? Ал үлкен балаңыз ше? 21 жасында әлі анасының мойнында отыр ма?

Жеке қарастыру

Нәтижесінде митингшілерге вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Бақыт Сұлтанов шықты. Әр отбасының мәселесін жеке-дара қарастыратын болады. Және бұл, әрине, дұрыс, себебі әрбір қазақстандық үшін ана болу — қасиетті ұғым. Бірақ митинг кезінде өз отбасының игілігі үшін, ел игілігі үшін адал еңбек етіп жатқандар жаңа үйге көбірек лайықты ма деген ой мазалайды. Тым болмаса үй алуға кезекке тұрып көрсе ғой дегің келеді”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз