Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Ұялы байланыс абоненттерінің саны қысқарып келеді

368
azh.kz

2019 жылдың қаңтар-сәуірінде телекоммуникация нарығындағы компаниялардың табысы жылына 5,5%-ға өсіп, 252,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде кіріс сомасы 239,1 млрд теңгені құрап, жыл ішінде 6,7%-ға артты. Мұндай деректерді Finprom.kz ұсынып отыр.

Осыған ұқсас кезеңде кірістердің төмендеуі 2016 жылы байқалған болатын — 2,7%-ға; келесі жылдары тұрақты өсім тіркелген.

Кірістер құрылымы

Телекоммуникация нарығының кіріс құрылымындағы ең көп үлесті интернет-қызметтерден түскен кірістер құрайды: 35,9%. 2019 жылдың төрт айында олардың сомасы 90,6 млрд теңгені құрады.

Құрылымдағы екінші орын ұялы байланыс қызметтерінен түскен кірістерге тиесілі, үлесі — 27,1%. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға аз (73,1 млрд теңге).

Жергілікті телефон байланысы қызметтері мен деректерді беруден түскен кірістер тиісінше 15,5 және 12,5 млрд теңгені құрады. Басқа да қызмет түрлері телекоммуникациялық нарықтың 25,9%-ын (65,3 млрд теңге) құрайды.

4G/LTE желісін пайдаланудағы өзгерістер

ҚР ұялы байланыс қызметтерін Beeline, Kcell және біріккен Теле2 және Алтел ұсынады. 2019 жылы кейбір операторлардың 4G/LTE желісін пайдалануда өзгерістер болады. Мәселен, 16 сәуір 2019 жылы

Beeline мен Kcell желіні бірлесіп пайдалану туралы шартты бұзды

Бастамашы “Кар-Тел” ЖШС (“Beeline Қазақстан”) болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның барлық аймақтарында 4G “Beeline Қазақстан” және Kcell бірлескен желісі 2016 жылы іске қосылған болатын. Серіктес-бәсекелестердің әрқайсысы елдің 7 өңірінен өз мойнына алып, LTE желісі өрістетті, оны компаниялар бірлесіп пайдалана бастады. Forbes.kz мәліметінше, бұл іс жүзінде Capex-те екі есе үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қазір ел аумағы Beeline мен Kcell арасында бөлінген, олар өз өңірлерінің әрқайсысына желі салып, қызмет көрсетеді. Ынтымақтастықты одан әрі тоқтату әрбір компанияға өзінің жеке желісін пайдалануға мүмкіндік береді.

Желіге шығу мүмкіндігі бар абоненттер санының өсуі

2019 жылғы сәуір айының соңында ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,4 млн-ды құрап, 4,2%-ға төмендеген. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде абоненттер саны 26,5 млн бірлікке жеткен болатын, өсім — 4,6%.

Сонымен қатар, интернетке шығу мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 7,2%-ға өсіп, 14,6 млн бірлікті құрады. Бір жыл бұрын да өсім 10,4%-ды құраған болатын.

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға жылына 146-дан 138 бірлікке дейін төмендеді. Интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы өз кезегінде 100 адамға 75-тен 79-ға дейін артты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз