Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі 3 ұстанымын айтты

750
Радио Азаттык

Президент не­гізгі ұстанымы ретінде мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығын және оған деген құрмет пен адалдықты атады. “Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды” – дейді Президент.

Екінші ұстанымы ретінде жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық — әділеттілікті атап өтті.

“Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділет­сіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айт­қандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал үшінші ұстаным — тек алға басу, даму жолымен жүру.

“Мына дәуір еркелікті, жалқаулық пен масылдықты, немқұрайлықты көтер­мейді. Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция ке­зеңінде, жоғары технологиялық, цифрлық кеңістікте жаһандық дамудан он жыл артта қалсақ, жүз жыл оның орнын тол­тыра алмайтынымызды естен шығармайық” – деді Президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз