Мемлекет басшысының қатысуымен Ақордада өткен кеңесте Үкімет мүшелері республиканың білім беру мен әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үштілділік туралы баяндама жасады.
«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деп келтірді Ақорда баспасөз-қызметі Қазақстан Президентінің сөзін.
Сондай-ақ Тоқаев республикалық бюджетке көзқарасты өзгерту қажеттігін атап өтті.
“Осы орайда бірінші кезекті әлеуметтік құрамдауыш бөлігі өсіп келе жатқанын ескере отырып, бюджетті толықтыру көздерін түрлендіру әрі өрістету қажет” —
деді президент. —
“Екіншіден, ол бюджеттің «өнімсіз шығындарына» қатысты. Қажетсіз шығындар өте көп. Біз бюджетке қатысты қатынасты түбегейлі өзгертуіміз керек».