Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Астананың атауы өзгертілді

581
Фото: Shutterstock

Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың – 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды”, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді.

Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

“Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз