Өкінішке қарай, көктем — романтика ғана емес, бас киімсіз серуендеу кезеңі. Бұл, сонымен қатар, барлық жағымсыз салдарымен иммунитеттің әлсіреуін тудыратын ауа райының жиі құбылуы.
Солардың бірі — менингококк инфекциясын жұқтыру. Егер бірі назофарингитпен ғана құтылса (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы), басқаларында менингит (бас және жұлын миы қабығының қабынуы), тіпті менингококцемия немесе менингококкты сепсиске (ағзаның қан арқылы жалпы зақымдануы) өтіп кетуі мүмкін.
Көп жағдайда менингококкты жұқтырғаннан кейін суық тигендей симптомдар сезіледі. Адам жөтеледі, температурасы көтеріледі, тамағы қышиды. Көп адам бұған қатты мән бермейді, ангинадан емделіп, мұрын тамшыларын себеді де, әлеуметтік өмірін жалғастыра береді. Әсіресе, егер суық маусымда жұқтырған болса.
Дәрігерлер ауру белгілері пайда болғанда үйде жату керек дейді. Әсіресе ауырған балаларды дәрігерге дереу көрсету маңызды.
Жұқтыру қаупін қалай төмендетуге болады? Кеңестер қарапайым, бірақ тиімді:
• тамақтану алдында қолды жуу;
• үйді жиі желдету;
• қайнамаған су ішпеу;
• тыйым салынған жерлерде шомылмау;
• табиғи жарықты елемеуге болмайды — менингит вирусы күн сәулесінің әсерінен өледі.
Сондай-ақ жеке клиникада менингиттен екпе жасатуға болады. “Менингококк маусымы” қарсаңында — қыста немесе жазда вакцинациядан өткен жөн.
Қазақстанда менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық бес-алты жылда бір рет байқалады. Алайда, Алматыда климаттың ылғалдылығына байланысты мерзімі қысқа — екі-үш жылда қайталанады.