Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Банкирлер орасан зор сыйақы алатын — Қазақстандағы ағылшын азаматының шындығы

355

Британдық кеңседегі жұмыс

Менің Британдық Кеңеске жұмысқа бірінші күн келгенімде бастық маған түскі ас алып берді. “Жұмысқа жаңа келгендіктен тамақ ішетін ешкім болмайтын шығар, менімен жүр, менің есебімнен” – деді ол маған. Маған бұл сыпайылығы өте қатты ұнады.

Кейбір компанияларда жұмыс күні таңғы 8.00-ден басталады, кейбірінде сағат 10.00-ден. Егер белгілі бір уақытта жұмысқа кірісудің себептері болмаса, онда өзіңе ыңғайлы уақытта бастауға болады — бізде солай. Егер ертерек келіп, ертерек кету ыңғайлы болса — окей. Кейінірек келетін адам, тиісінше, кейінірек кетеді.

Британияда, мен жұмыс істеген кеңселерде түскі асқа сэндвич алып, мысалы, жұмыс үстелінде тамақтануға болады. Қазақстанда осылай жасауға тырысқанымда әріптестерім: “Кеңседе тамақ жеп отырғаның не? Жылдам кет” – деді.

Тағы да

Ұлыбританияда түскі уақытта спортпен шұғылдану жақсы дамыған — саябақта жүгіру, спортзалға бару

(көптеген кеңселерде жаттығуға арналған зал бар, шешінетін және жуынатын бөлмелер).

Лондонда космополитикалық қоғам — бір ұжымда француздар, немістер, нигериялықтар, үндістер, пәкістандықтар, америкалықтар жұмыс істейді.

Ағылшын менеджменті

Британдық кеңседе қарым-қатынас бейресми. Бізде қызметкерлерге дауыс көтеру деген жоқ, ол үшін тіпті жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Ұжымдарда иерархия әлдеқайда аз. Кейде боқтық сөздер де қосып жібере аласыз, және бұған ешкім мән бермейді. Ал Қазақстанда мен кеңселерде былапыт сөздер естімедім.

Британияда басқалармен айқай-шусыз, қоқан-лоқы көрсетпей жұмыс істей алатындарды көтермелейді

және команданы мақсатқа қарай жылжытуға ынталандыра алады.

Біздің елде адамдар компанияларды жиі ауыстырады, алайда бір салада жұмыс істей береді. Әдетте қай жаста менеджер болады? Бұл, әрине, білімі мен қабілетіне байланысты. Кейбірі тез көтеріледі, ал кейбірі азды қанағат тұтады — бұл жерде мен Қазақстаннан қандай да бір айырмашылықты байқамадым.

Шағын бөліктермен “демалыс”

Орта есеппен Ұлыбритания 28 күн демалыс беріледі — күнтізбелік емес, жұмыс демалысы. Сонымен қатар, Қазақстанмен салыстырғанда бізде мерекелер аз. Ең маңыздылары — Рождество және Жаңа жыл. Барлығы дерлік қыста демалуға тырысады, 28 демалыс күнін қысқа демалыстарға бөліп, жылына бірнеше рет алады.

Қазақстанда, менің білуімше, еңбек демалысын негізінен жазда алып, толық демалып қайтуға болады. Бізде ондай жоқ. Біріншіден, жұмысыңды біреуге тапсырып, кеңседен бір айға кету өте қиын. Екіншіден, әрдайым бірнеше демалыс күнің бары жақсы, жылына бір рет демалатынға қарағанда.

Бір жалақыға кімдер өмір сүреді?

Барлығы сіздің қай салада жұмыс істейтініңізге байланысты. Қазір

біздің БАҚ-тарда банкирлер мен қаржы секторының қызметкерлері алатын орасан зор сыйақылар белсенді талқылануда

Ал егер сен, мысалы, үкіметтік секторда жұмыс істесең, сыйақы деген жоқ немесе өте аз мөлшерде.

Тіпті, компания ішінде кейбір сатумен айналысатын қызметкерлер өте жақсы бонустар алады, ал басқалары жалақыда отыр. Барлығы қай жерде және қай лауазымда жұмыс істейтініңе байланысты.

Орташа жалақы деңгейі

Толық мөлшерлеме — жылына шамамен 35 000 фунт (шамамен 17,5 млн теңге — ред.). Айта кету керек, орташа жалақы қай қалада тұратыныңызға байланысты. Сондай-ақ, ерлер мен әйелдердің жалақыларында айырмашылық бар, мұнымен қазір үкімет пен Ұлыбритания қоғамы күресіп жатыр.

Қазақстандық өлшемдер бойынша, жылдық жалақы мөлшері орасан болып көрінуі мүмкін, алайда елдегі өмір сүру құны өте жоғары екенін ескеру керек. Мысалы, қала орталығында жалға алынған 2 бөлмелі пәтердің құны кемінде 1 500 фунт (751 мың теңге) болады, бұған тағы пәтерақыны (айына 200-300 фунт) қосыңыз. Бұдан өзге, салық бойынша айырмашылық үлкен:

Егер Қазақстанда 10% зейнетақы қорына берілсе, Ұлыбританияда бұл 20%-дан 45%-ға дейін,

табысыңа байланысты.

Зейнет жасы

Қазір бізде зейнетке шығу жасы әйелдер үшін — 63 жас, ерлер үшін — 65 жас, бірақ

біздің буын (мен 1983 жылы дүниеге келдім) 68 жаста құрметті демалысқа шығатын болады

Әзірше зейнетақы бізде жеткілікті саналады, яғни оған өмір сүруге болады. Бірақ, әрине, бәрі сіздің қандай салада жұмыс істегеніңіз бен компанияда қандай деңгейге дейін көтерілгеніңізге байланысты. Алайда мен кедей зейнеткерлерді көрген емеспін.

Британдық босс портреті

Мұнда да бәрі адамға байланысты. Негізінен өз командасын ынталандыруға қабілетті адамдар бағаланады. Қызметкерлеріне айқайлайтын, қорқытатын, қорлайтын немесе жалақыдан айырамын деп қоқан-лоқы көрсететіндерді есептемегенде.

Қателескенін мойындаудан қорықпайтындарды, қандай да бір тапсырманы қалай дұрыс орындау керектігін білмей, кеңес сұрайтындарды құрметтейді.

Жұмыстан босату ерекшелігі

Егер сен өрескел қателіктер жасасаң, ұрласаң, ережелерді сақтамасаң сені жұмыстан босата алады. Егер, мысалы, қызметкер қандай да бір бұзушылықтарға жол берген деген күдік пайда болса, оны ақылы демалысқа жібереді де, осы уақытта қызметтік тексеріс жүргізеді (gardening leave).

Қазақстанда қаламын ба?

Мен британдық ұйымның қызметкері болсам да Ұлыбританияда жұмыс істемеймін. Лондонға қуана оралар едім — ол жердің жұмыс мәдениеті маған жақын және мен өзімді сонда жайлы сезінемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз