Әншінің бұрынғы күйеуі мен қайын жұрты ұлының тойында қонақ болды.
“Баршаңызға рақмет! Шалқар, сізге рақмет. Бұл екеуміздің ұлымыз ғой. Өмір ғой бұл. Менің қайын жұртым келіп жатыр, қайынсіңлілерім, қайныларым келіп жатыр. Мен үшін қуаныш. Сол себепті айыптамаңыздар, бұл өмір. Шәкең менің екі ұлымның әкесі, сол себепті қандай жағдай болмасын балаларымның әкесі менің төрімде тұрады, қасымызда жарқырап жүреді”, – деді Ақбота Керімбекова.
Бұл тілекке той қонақтары қолдау білдіріп, қошемет көрсетті.