Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматының көпбалалы отбасыларына 2%-бен ипотека ұсынылады

kapital.kz

Бағдарлама аясында көпбалалы және толық емес отбасыларға жеңілдік шарттармен ипотека ұсынылады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

“Қала бюджетінен 1 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары бөлінеді. Бастапқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме – 18 жылға 2%”, – деп келтіреді inform.kz Байбектің сөзін.

Мұндай схема бойынша құны 15 млн теңгеден аспайтын жаңа құрылыстарда шағын көлемді пәтерлер сатылады. Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтер 2019 жылы пайдалануға беріледі.

Алматыда тұрғын үй кезегінде 1276 көпбалалы және толық емес отбасы тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз