Кәрімовтың кезінде кландар жүйесі біршама қысқартылған еді. Бірақ қазір бәрі өзгеруі мүмкін.
Sputnik Өзбекстан хабарлауынша:
• инвестиция және сыртқы сауда министрлігін «Узчармсаноат» қауымдастығының бұрынғы төрағасы Сардор Өмірзақов басқарды.
• Жамшид Ходжаев сыртқы сауда министрі қызметін ауыл шаруашылығы министрлігі басшысы қызметіне ауыстырды.
• Бұған дейін бұл қызметті атқарған Баходир Юсупов Наманған облысы, Қасансай ауданы хоким болып тағайындалды.
• Премьер-Министрдің орынбасары болып Элер Ганиев тағайындалды. Бұған дейін ол сыртқы экономикалық байланыстар министрі болған, сондай-ақ Президент әкімшілігінде еңбек еткен.
• Бұрынғы вице-премьер Сухроб Холмурадовтың жаңа жұмыс орны әлі белгісіз.
Шығыстанушы Александр Князев қайта тағайындаулар экономиканы реформалау бағдарламасына толығымен сәйкес келеді деп санайды. Алайда, биліктегі біршама тепе-теңдіктің өзгергеніне назар аудартады. Енді өңірлер бұрынғыдай бірқалыпты ұсынылмаған. Бұл «кландардың қайта оралуын» меңзейтіндей, олардың әсері Кәрімов кезінде біршама азайған болатын.
Бұл туралы сарапшы 365info-ға берген сұхбатында айтты.
– Александр Алексеевич, ведомстволардың бірігуі мен жаңа министрліктің пайда болуынан бастайық. Мұны не үшін жасады?
– Себебі қарабайыр — Өзбекстан басшылығы алға қойған экономикалық үлгіні жүзеге асыру үшін. Яғни
ішкі оқшауланған импорт алмастыру моделінен ашық және экспорттық бағдары бар модельге көшу
Бұл өте маңызды жайт, себебі оны іске асыру елеулі әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Мысалы, демографияны ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет болады.
Бірақ бұл модельді іске асыру үшін басшылықтың бір ғана қалауы аз.
Кадрлар тапшылығы және инвестиция тапшылығы — осы ккі маңызды мәселені шешуді талап етеді
Тіпті Өзбекстанның Мемстаткомы (алайда статиканың барлығы кейде шынайы емес) экономиканың толыққанды дамуы үшін инвестиция деңгейі екі емес, одан да көп есеге өсуі тиіс екенін мойындайды. Ал бұл қиын мәселе. Шетелдік инвесторлар Өзбекстанға инвестиция салуы мүмкін, бірақ, әдетте, тез арада пайда әкелетінсалаларға ғана. Бұл ең алдымен энергетика.
Президенттің шешімдері аздық етеді, проблемалар төменгі қабаттарда басталады
— Басқа сарапшылар кейбір тағайындауларды «күтпеген» деп атады. Күтпеген адамдар қайтып келгені үшін бе?
— Кеше БАҚ-тардың бірінен Премьер-министрдің орынбасары Элер Ганиевті тағайындалуына қатысты бір тақырыпты көрдім «Кәрімовтың министрін қайтарды» – деген. Мен мұндай жарлықтар ілуге қарсымын. Ганиев сыртқы экономикалық қызмет саласында ұзақ уақыт жұмыс істеді, бұл оның негізгі қызметі. Сондықтан оның тағайындалуы қисынды.
— Сіз кадр жетіспеушілігін айтып қалдыңыз. Ал жаңа мемлекеттік бағдарлама министрлер кабинетін оңтайландыруды да қарастырады. Штатта шын мәнінде адам тым көп болды ма, әлде оларды кез келген жағдайда қысқарту керек пе еді?
— Меніңше, екеуі де. Сонымен қатар, батыстық білімі бар басқарушылардың жаңа буынын тарту идеясы да бар сияқты. Оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі барларды, яғни айтып өткенімдей, инвестицияларды тарту бойынша жұмысты қарқынды жүргізу үшін. Сонымен қатар, көне кадрларды ауыстыру да қажет болды.
Қазір Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалардың төңірегінде дау өте көп.
Алайда
барлығы әрі қарай — жоғарыдан төмен қарай қаншалықты іске асып жатқандығын көбі ойлай бермейді
Мысалы, Мирзиеев қаржы реформасы мен қара валюта нарығынан кету туралы ең маңызды шешімдерді қабылдады. Бірақ бүгінгі күні елде еркін валюта сату жоқ. Нәтижесінде реформа жартылай орындалған сияқты көрінеді. Бұл «биліктің төменгі қабаттарында» ойлау жүйесі өзгеше және мақсат-мұраты басқа адамдардың отырғандығынан. Оларды алмастыру керек.
— Бұл кадрларға әдейі жасалған саботаж деуге бола ма? Немесе басқаша жұмыс істеу мүмкін емес пе?
– Адамдар бір координат жүйесінде жұмыс істеп келді, ал мұнда оны ауыстыруды ұсынады. Біріншіден, олар бұл ұзаққа жалғасатынына сенімді емес. Екіншіден, оларға түбегейлі өзгеру керек, ал бұл әркімге қолайлы емес. Әсіресе егде жастағы адамдарға.
Олар сол жүйені алып кеткісі келмейді, бұрынғыдай өмір сүргісі келеді
Кейбір сыбайлас жемқорлық схемаларын да ұмытпау керек, олардан да бас тартуға тура келеді.
Әрине, мұндай адам бұрынғыдай жұмыс істей беретін болады. Бұл әдейі жасалған саботаж емес, бірақ оның элементтері орын алған болуы мүмкін. Бірақ жаңа жүйемен жұмыс істей алмау да рөл атқарады.
Кәрімовтың кезінде жастарға көп көңіл бөлінді, оларға батыста оқуға жағдай жасалды. Өзбекстанда «Болашақ» сияқты жеке бағдарлама болған жоқ, бірақ схемасы соған ұқсас. Алайда, барлық декларацияланатын өзгерістер шын мәнінде жүзеге асыуы үшін, бұл аздық етеді.
— Тағы не қажет?
— Кадрмен жұмыс істеу қажет шығар.
Жалпы, қазір Өзбекстанның саяси элитасын қайта құру жүріп жатыр. Ислам Кәрімов кезінде бұл жалпыұлттық және кланнан тыс болып ұзақ және қиындықпен құрылған болатын. Ал қазір, менің ойымша,
ел кландық жүйені қайта қалыптастырып жатыр
Егер жаңа тағайындаулардың басым бөлігіне назар аударсаңыз, онда аймақтар бірқалыпты ұсынылмағанын байқауға болады. Ал бұл, әрине, жаңа кадрлардың өсуін тежейді.