Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Отбасымды тастап кеткен кездерім болды» – Абай Бегей

894

Біз оны қазір табысты әнші және қамқор әке ретінде танимыз. Әлбетте, әрқашан бұлай болмаған. Арманын іске асыру үшін ол отбасын Ақтауда қалдырып, Алматыға келеді. Орындаушы әр түрлі байқауларға қатысып, түрлі жанрда өзін сынап көреді, алайда жолы болмайды.

«Мен көптеген әндерді жаздырдым, байқауларға қатысып, бірнеше жыл бойы екі қала арасында өмір сүрдім. «Аспанға қараймын» әніне дейін жолым болмай келді деуге болады. Қандай қиындықтардан өткенімді көп адам біле бермейді, тіпті болжамайды да. Сол кездері отбасымды Ақтауға тастап, осында жұмыс істеуіме тура келді. Қазір қыздарымды Алматыға көшірдім, бәріміз бір отбасы болып өмір сүріп жатырмыз», – дейді Абай Бегей.

«Аспанға қараймын» әні Абайды бір сәтте танымал етті. Хит шыққанға дейін шағын ортаға ғана белгілі болса, бұл әннен кейін ел аузына ілікті. Әрине, танымалдықтың кері жақтары да пайда болды.

«Мен жағымсыз пікірлерді өте ауыр қабылдаймын. Сезімтал адаммын. Адамдар «Бұл кім?», «Не істеп жүр?», «Трактористке ұқсайды» – деп жазып жатады. Концерт беретін кезімде көптеген адам теріс пікірлер жаза бастады, тіпті ауырып сахнаға шыққым келмеді», — деді Абай Бегей.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз