Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Семейде ерекше қажеттілігі бар 150 бала жыл сайын тегін көмек ала алады

188
SONY DSC

Бұл «Дара» Қайырымдылық Қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ашқан оныншы орталық.

ШҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында ерекше қажеттіліктері бар 2500-ден астам бала тұрады, соның ішінде 945 мүмкіндігі шектеулі. Сонымен қатар, дамуында бұзылу бар мектепке дейінгі жастағы балалардың 22% мектепке дейінгі тәрбиемен де, түзету көмегімен де қамтылмаған. Бүгінгі таңда, Семей қаласының өзінде 1000-нан астам бала мамандардың кәсіби көмегіне мұқтаж.

Мамандардың уақытылы және білікті көмегі өмірді жақсартуға және кез келген баланың, әсіресе мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты және табысты болашағына мүмкіндік береді.

Осыған орай, Семей қаласында мақсаты арнайы білім қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету болып табылатын алғашқы Орталық пайда болды. Ашылғалы жатқан Орталық – кез-келген ерекше бала мен оның отбасы дефектолог, психолог, логопед, сурдо-аудармашы, тифлопедагог және ЕДШ инструкторы сияқты мамандардан толыққанды көмек ала алатын мекеме.

Жыл сайын осы орталық дамуында әр түрлі бұзылулары бар 150-ден астам балаға қызмет көрсететін болады, балалар және олардың отбасылары қызметтерді тегін және тұрғылықты мекенжайына байланысты ала алады. Біздің стратегиялық мақсатымыз – осындай Орталықтардың ерекше бала өсіп келе жатқан отбасылар үшін «қол созым» жерде орналасуын қамтамасыз ету.

«Мен сіздерді осындай маңызды шарамен құттықтағым келеді. Маңыздылығын бәрінен де мұғалімдер мен психологиялық-педагогикалық түзетуге мұқтаж балалар түсінеді. Және бүгінгі таңда осы орталықтың ашылуымен арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің барлық мүмкіндіктері бар және біздің жергілікті атқарушы органымыз осы іс-шараға белсене қатысатын болады», – деді Семей қаласының әкімі Ермол Сәлімов.

«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ашылуы – бұл елімізде инклюзивті қоғамды дамытуда жасалған тағы бір қадам болып табылады. Семейдегі ППТК – «Дара» Қорының «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен біріге ашып жатқан оныншы ППТК. Айта кететін жәйіт, Өскемен қаласындағы ППТК-де екі жылдан артық уақытта арнайы білім беру қажеттілігі бар 320-дан астам бала қамтылды. Қазақстан бойынша барлығы 4 000-нан астам бала түзету кабинеттерінде көмек алды және алып келе жатыр», – деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Іргебаев Мирас атап өтті.

Семейдегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ашылуы мемлекеттің, үкіметтік емес сектордың және бизнестің серіктестігі арқасында жүзеге асырылды. Осылайша, орталықты ашуға жоғары қызығушылық танытқан жергілікті атқарушы органдар тегін орынмен қаматамсыз етуде, «Samruk-Kazyna Trust» Қорының қолдауымен «Дара» Қоры осы орындарды бейімдеу, кедергісіз ортаны жасау және материалдық-техникалық жабдықтармен жасақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ мамандарды оқытады. Орталық ашылғаннан кейін жергілікті бюджеттің теңгеріміне және күтіміне ауысады, осылайша жоба нәтижелерінің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының облыстық орталығында «Дара» Қоры «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп №46 орта мектептің базасында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашты. Бүгінгі таңда ерекше қажеттілігі бар 320 балаға қызмет көрсетілді және көрсетілуде.

SONY DSC

Анықтама үшін:

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңыздылығы бар жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын қайырымдылық қызметінің операторы болып табылады.

«Дара» Қоры – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыратын жеке қайырымдылық қоры .

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз