Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
20
USD
517
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.25
0.00

Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын көтереді

155

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Восход-Oriel» ЖШС және «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС-і секілді ірі компаниялар 2019 жылы жұмысшыларының еңбекақысын көтереді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы тапсырмаға сай «Қазхром» ТҰК» АҚ-ы жалақыны 9-14 пайызға өсіреді. Ал «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і 4, «Восход-Oriel» ЖШС-і қарапайым жұмысшыларының еңбекақысын 9 пайызға арттырмақ. «ҚазақОйл-Ақтөбе» ЖШС-і 7-10 пайыздық өсімді уәде етті

«Елбасының азаматтардың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмаларына сәйкес өңірдегі бірқатар кәсіпорындар мереке кезінде өз жұмысшыларына сыйақы береді. Ақтөбе облысындағы өнеркәсіп, мұнай-газ секторында, өңдеу саласында, құрылыс және жол-көлік индустриясында жұмыс істейтін 200-ге жуық кәсіпорын Мемлекет басшысының жалақы өсіру тапсырмасын қолдады. Биыл өңірдегі 53 ірі кәсіпорын мен компания еңбекақыны 7-20 пайызға дейін көтерді», – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз