Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Азанды дұрыс шақырмады”. Шымкентте көз жұмған бес жасар балаға қатысты тың дерек шықты

Болжам бойынша, ол баланы азанды дұрыс шақырмағаны үшін аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан бүлдіршін ауруханада көз жұмған деп хабарлайды “Еуразия” бірінші арнасы.

Бес жасар бала ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Ақ халаттылар оның бауыры мен көк бауырының езілгенін, сондай-ақ, іштен қан кеткенін анықтаған. Жүрек соғысы да байқалмаған балақайды аман алып қалу мүмкін болмапты.

“Келген кездегі жағдайы өте ауыр, жүрек соғысы анықталмады. Қан қысымы анықталмады, жүрек соғысын байқап көрген кезде әлсіз, қан қысымы жоқ. Есін білмейді. Алған жарақаттың және қан кетудің салдарынан науқас ота аяқталмай қайтыс болды”, – дейді облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жанболат Ділдәбеков.

Бүлдіршіннің өліміне күдікті ретінде оның өгей әкесі ұсталған.

Алайда 22 жастағы жігіттің бұл әрекеті жақындарын да есеңгіретіп тастапты. Болған жағдайға әлі сене алмай отырған олар азаматтың баламен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтқан.

Болжам бойынша сол күні кешке ол қате оқылған намаз үшін ол баласын тепкінің астына алған. Бірнеше соққыдан кейін-ақ бүлдіршін есінен танып қалыпты.

Әзірге белгілі болғаны, күдікті Атырау облысының тумасы екен. Жасы- 22-де. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент медресесіне оқуға түсіп, бір жыл тәлім алған. Медресенің жатақханасында бір жылдай тұрыпты. Алайда, осы жылдың жазында төрт баласы бар жергілікті келіншекпен көңіл жарыстырып, соның шаңырағына кірген.

“2017-2018 оқу жылының қыркүйек айларынан бастап сабаққа келуі өте нашарлады. Біраз баяулады, себебі, отбасылы болғанын білетін шығарсыздар. Жаз айында бір келіншекпен үйленіп, содан бері сабаққа келуі біраз саябырсыды”, – дейді Шымкент медресе колледжі директорының орынбасары Бейбіт Өтебаев.

Марқұм бүлдіршін жанұядағы ең кішкентай бала болған. Ал үйдің үлкені 8-сыныпта оқиды екен. Марқұмның артынан үш бауыры, анасы мен әжесі қалды.

Айта кетейік, күні кеше намаз дұрыс оқымаған бес жасар баланы аяусыз ұрып өлтірген деген күдікпен 22 жастағы азамат құрықталған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз