Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот үкіміне сотталушының өкілі аппеляциялық шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ал іс аппеляциялық тәртіппен Астана сотында 29 желтоқсан күні қаралады.
Айта кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі осы жылдың жазында жол апатынан көз жұмған еді.
13 қараша күні жол апатына кінәлі деп танылған Малика Мұхитова екі жылға бас бостандығынан, бес жылға көлік айдау құқығынан айырылды.