Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-9
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

“Кешіріңіздер…”. Сахнада ән сап тұрған Мөлдір Әуелбекова кілт тоқтап қалды (видео)

1591

Әуелбекова 1 желтоқсан күні Астанада ұйымдастырған концертіне билеттерді арзан бағада сатып, жұртты таң қалдырған.

Әншінің кешінде залдағы орындардың бағалары 500 теңгеден басталып, 3000 теңгемен аяқталыпты.

“КешYou”-дің экс мүшесі бұл әрекетін халық қамын ойлаумен түсіндірді. Одан бөлек, әншінің концертіне өзі қызмет істейтін “Қазақконцерт” ұйымы демеушілік жасапты.

Содан болса керек, әнші қаржы жағына келгенде қатты алаңдамаған екен.

“Мен өзім мемлекеттік қызметтемін. Біріншіден, концертім де сол ұйымның қолдауымен болып жатыр. Екіншіден, ерекшелігі де сол шығар, баға өте тиімді.

Мен өзім алғаш рет концерт беріп жатқаннан кейін Instagram желісінде маған көп пікір жазады.

«Елбасымыз ғой…». Заттыбек сүйіншіге алған сыйлығын көрсетіп, мақтанды (видео)

Олар концерт болғанда билеттердің өте қымбат болатынын жеткізді, бағаны арзандату туралы да өтініштер айтты. Әр отбасында жағдай әртүрлі.

Менің қарапайым көрермендерім бар. Сол себепті, ең қымбат билет – 3000 теңге, ең арзаны – 500 теңге болды”, – деді әнші.

15 жылда халықтың сүйіктісіне айналған Мөлдірдің бүгінде өнер жұлдыздарының арасында да беделі бар. Оны Мөлдірдің бір ауыз сөзін жерге тастамай, бір тиын да алмай ән айтып берген Мейрамбек Беспаевтың әрекетінен-ақ аңғаруға болатындай.

“Мейрамбек аға өнерде де, өмірде де ағам болып келеді. Сол себепті, Мейрамбек ағаны шақырған кезде “Мөлдір, сенің бір ауыз сөзің ғой” ,- деді.

Әкесіндей адамға тоқал болған келіншек жан сырымен бөлісті

Ол мені қатты қуантты. Керек тұсында маған ақылын да айтып отырды. Ағама ризамын”,- деді Әуелбекова.

Ал сахнада тұрып жылап қалған сәті туралы әнші:

„Ол екі минут маған бір сағаттай боп көрінді. Қатты қобалжыдым. Өмірдегі қиындықтар, ажырасу, баламның жайын еске салып, көз алдымнан өтті. Ол ән – „Арман алдамайды„ жеке өміріме қатысты шығарылып, тіпті бейнебаян да түсірілген. Жан жарасын қозғайтын бұл ән мен үшін ауыр екенін мойындаймын. Көңілім босап кетті„.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз