Біз осы қандай халықпыз? Неге бос мақтан мен құр айқайды місе тұтамыз?
Бірінші оралмандар неге бейнебаян жасап елбасыға мұң зарын шағады? Неге амалсыз шарасыз күй кешеді?
Сонда бізде мемлекеттік институттар жоқ па? Бар болса неге осы мәселелерді тиісті жауапты лауазымды инстанция өкілдері айналысып жауап бермейді?
Неге қазақтар қазақтар тарапынан зұлым көруде? Қазақ қазақтың проблемасына жоғына, мұңына қайрылмайды? Қазақ ұлт емес пе? Ұлттық қан, ұлттық намыс, ұлттық мүдде, ұлттық тілек қайда?
Неге Қазақстанның шетелдегі елшіліктері оларды жатсынады, көкірегіне итереді?
Біздегі барлық іс-шара тек қана есеп үшін…Неге сондай жиындар мәселе шешуге арналмайды?
Неге қазақ өз елі мен жеріне келіп өз тілектерін өз арыздарын естірте алмайды? Неге қазақ үкіметі қазақтың зарына құлағын түрмейді? Нег олар Европаға сол жақтағы кеңестер мен ұйымдарға шағымдануы тиіс?
Біздің “Дүние жүзі қазақ қауымдастық” ұйымын құрғанымыз қайда?
Мәселе шеше алмайтын ұйымның қажеттілігі қанша? Қазақтың бақыты үшін құрылған мына мемлекеттің қажеттілігі қанша? Бұл кімнің мемлекеті?
Досай Кенжетай,
дінтанушы