Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Мүләйімсіп…”. 21 жастағы бойжеткен қазақ жігіттерінің кемшілігін ашып айтты (видео)

2809

Қаржыгер мамандығын бітірген ару дәулетті жігітке тұрмысқа шығуды армандайды екен. Бұл туралы ол “Евразия” арнасындағы “Кеш қалмайық” бағдарламасында айтты.

“Әр қыз қалталы азаматқа тұрмысқа шығуды армандайды. Бірақ, ұялғандықтан “мінезі жақсы болса” деп мүләйімсиді. Мысалы, мен үшін махаббат-сахаббат емес, ер адамның ақшасы болуы керек. Шыны сол.

Өйткені басы істейтін еркек қана көп ақша таба алады. Ал маған топастардың қажеті жоқ. Осы себептен қалталы азаматқа тұрмысқа шығамын деп мақсат қойдым”, – дейді 21 жастағы қыз.

Бойжеткеннен бағдарлама жүргізушісі “Біреудің тоқалы болуға қалай қарайсыз?” деп сұраған.

“Тоқал болуды қаламаймын. Кейін менің күйеуім де “тоқал аламын” десе, қандай күйде болатынымды білемін ғой.

Ол жағдайдың өз басыма түспесін қайдан білемін. Ақшасы миллион болса да, қалталы азаматтың екінші әйелі болуға келіспеймін”, – деп ағынан жарылды Зарина Қалжанбаева.

Ол өзінің екі қалталы жігітпен көңіл жарастырғанын да айтты. Бірақ олар қатты мақтаншақ боп шығыпты. Сондықтан ара-қатынастарын кілт үзген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз