Бізге мемлекеттік тіл негізіндегі саяси ұлт керек.
Бүгінгі күнде қалалық қазақ 60% құрайды. Бірақ қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде орнықпай жатыр, есесіне орыс тілділер қатары және саны, саяси ықпалы өсіп келеді – олар 10%.
Сол «алтын 10%» 1991 жылдан бері билік басында жүр. Сол орыстілділер Ресейдің бидайын қуырады. Ресейдің тілеуін тілеп, коллаборанттық қызмет көрсетеді. Украинада коллаборанттар үлесі 20%, бұл тым қауіпті екен.
Лукашенконың тұсында белорустар ана тілінен бас тартты, бізде де бұл эксперимент жүріп жатыр: ол – Үштұғырлы тіл. Үштұғырлы тілдік мектеп бағдарламасы – қазақ мектебін орыстандыруды көздейді.