Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 05.39-да шақырылды. Бригада оқиға орнына 05.42-де жеткен.
«Алтыншы қабаттан құлаған 1970 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», деді А.Сақпосынова.
Ер адам өзі секіріп кетті ме, әлде басқалай жағдай болды ма, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.