Еуропалық одақты және көршілермен жақсы қарым-қатынас саясатын кеңейту жөніндегі еуропалық комиссар Йоханнес Хан Түркияның Еуропалық одаққа болашақта мүше болуы мүмкін емес” деп мәлімдеді.
Хан қазіргі уақытта Түркия билігімен еуропалық интеграция уақытша тоқтап тұр деді.
Түркияның Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөз 2005 жылы басталған. Йоханнес Хан содан бері Түркия автократиялық бағытқа бет алып барады дейді. Франция мен Австрия Түркияның Еуроодаққа кіруіне үзілді-кесілді қарсы.