Футболдан Нидерланды чемпионаты аясындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан жалаңаш қыздың кесірінен матч тоқтатылды, деп жазды “Р-Спорт“.
AD басылымы хабарлағандай, алаңға жүгіріп шыққан қызды тоқтатуға ешкім әрекет жасамаған.
Жеңілген команданың футболшысы Джоэл Тиллема Omroep West Sport-қа берген сұхбатында бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді.
“Бірақ мен өзімді ұстауға тырыстым – мүмкін әйелім көріп отырған шығар”, — деді ол.
Видеодан тыныштықты бұзған қыздың стадионнан өз еркімен кетіп қалғанын көруге болады.