Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ақмолада жас ана босанып, нәрестені көшеге тастап кеткен

111

22 қазан күні Степногорск қаласының полицейлеріне көшеден сәби табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Полицейлер оқиға болған жерге келіп, сәбидің өлі жатқанын көреді. Кейін құқық қорғау органдары бірден оның анасын іздестіріп, үйді-үйге бару арқылы табады.

“26 жастағы тұрғын сәбиін өзі босанып, кейін оны аулаға алып шыққан. Қазіргі сәтте қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес (Анасының жаңа туған баласын өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайдың мән-жайы анықталуда”, — деді полиция департаментіндегілер.

Тергеу барысында жантүршігерлік жағдайдың мән-жайын жария етуге тыйым салынды.

Осыған ұқсас жағдай Павлодар облысы Ақсу қаласында болды. Колледж студенті жақындарынан жүкті екенін жасырып, өзі босанған. Кейін шақалағын қоқысқа тастап кеткен. Сәби өлді, ал жас ана ауруханаға жатқызылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз