Соңғы уақытта кең ойықты көйлек киіп жүрген Әсел Садуақасованы оқырмандары сынның астына алған.
Әселдің төсі ашық көйлегі оқырмандарын қызықтырғаны соншалық әртүрлі пікірді қарша жаудыруда. Бірақ,Әсел бұған көңіл аудармай оқырмандарына рахметін айтты.
«Шаршап кеттім». Төреғали Төреәлі өзіне қатысты шуға пікір білдірді
“Менің көйлегіме қатысты қаншама пікірлер айтылды. Менің көңілім көтеріліп қалды. Баршаңызға рахмет”.
“Омырауымды жасатқан жоқпын. Өзімдікі, анамнан берілген. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ал енді “ұятқа” келетін болсақ, ол туралы жеке пост жазуым керек шығар”, – деді Әсел.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз бұрын қызыл кілем үстімен сәнді қара көйлекпен жүріп өткен Әселге қарата сын айтпаған адам қалмаған еді.