Қазақстан біртіндеп, өгіз-аяңмен әлемдік қорғаныс өнеркәсібі нарығындағы өз орнына қол жеткізуде.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Бас ғылыми қызметкері Георгий Дубовцев өзінің «Қазақстанның әскери ұйымының жағдайы және дамуының перспективалары» атты монографиясында қорғаныс өнеркәсібінің дамуындағы тарихи белестерді талқылапты.
Жерінің аумағына бүкіл Батыс Еуропа елдері тұтасымен сыйып кететін, ал мемлекеттік шекарасының ұзақтығы 13 мың километрден асатын Қазақстан үшін әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекет ішіндегі халықаралық қарама-қайшылықтарды шешу, олардың конфронтациялық, әскери-күштік қақтығыстарға ұласуына жол бермеуіне бағытталған саяси, экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық және басқа да әскери емес мәселелерді шешуге негізделген.
Ел президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясында»: «Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін», деп атап өтті.
Міне, сондықтан Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатын модернизациялаудың басты бағыты ретінде
халықаралық және қорғаныс саясатындағы сын-қатерлерге адекватты тойтарыс беруді белгіледі.
Сонымен қатар, нақты халықаралық ахуалға, сондай-ақ еліміздің нақты экономикалық және әскери мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тиімді әскери саясатты дайындау да ерекше маңызға ие. Осы саясатқа сәйкес әскери доктрина қалыптастырылады, мемлекеттің әскери ұйымы құрылады, Қарулы күштерді құрудың стратегиялық бағыты айқындалады.
Кеңес үкіметі кезеңінде Қазақстан аумағында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің (ҚӨК) 50 жуық кәсіпорындары жұмыс істеді. Олар республиканың бүкіл экономикасында маңызды рөл атқарды. Сол кәсіпорындардың маңына Ленинск, Степногорск, Шевченко, Курчатов және тағы басқалары сияқты қалалар салынды.
Ол кезде Қазақстанда келесі құрал-жабдықтар мен қару түрлері шығарылатын:
Атап айтарлығы, олардың ішіндегі негізгілердің бірі әскери-теңіз флотына арналған қару мен құрал-жабдықтарды өндіру болды.
Жыл сайын қазіргі бағамен 1-1,5млрд доллар сомасындағы қорғаныс өнімдері өндірілді.
Атап айтарлығы, зауыттардың көпшілігі тек әскери өнімдер шығарды, ал ҚӨК кәсіпорындарында өндірілетін азаматтық мақсаттағы өнім көлемі 15—20 проценттен аспайтын.
1990 жылдан бастап, Қазақстан кәсіпорындарында қорғаныс саласы өнімдері мен арнайы тапсырыстарды өндіру күрт қысқарды.Мәселен, 1991 жылы ол 30 процентке төмендесе, ал
КСРО тарағаннан кейін орталықтандырылған кеңестік ҚӨК жұмыс істеуді мүлдем тоқтатты.
Қорғаныс кәсіпорындарын жұмыспен қамтамасыз ететін орталықтандырылған бірыңғай жоспарлау және мемлекеттік тапсырыс жүйесі де жұмысын тоқтатты. Қазақстан аумағында орналасқан қорғаныс өндірісі кешені кәсіпорындары өте ауыр экономикалық жағдайда қалды.
Конверсия, қорғаныс бағдарламаларының қысқаруы және Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізгі тапсырыс беруші – ҚР Қорғаныс министрлігінің төлемдер жасауға қабілетті болмауы мәселелеріне басқа республикалардағы қорғаныс кәсіпорындарымен арадағы шаруашылық байланыстар мен өндірістік кооперацияның ажырауы қосылды.
Қазақстан қорғаныс өнеркәсібінің негізгі өнімдері оның өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес сұраныстан айырылды.
Кеңес Одағының күйреуінен кейінгі жаңа заманда Қазақстан ҚӨК өнімі ешкімге, оның ішінде тіпті Ресейге де қажет болмай қалды. Бұл елдің әскери ведомствосы тапсырыстың өз елінің аумағында орындалғанын құп көрді.
Ал өнімді кеңес жүйесінің қаруын пайдаланатын басқа елдерге экспорттау оңайға соқпады. Өйткені ол елдерде қаруды жеткізудің жылдар бойы қалыптасқан өз жүйесі бар болатын.
Соның салдарынан, 1992 жылы Қазақстандағы қорғаныс кәсіпорындарындағы өнім өндіру тағы 40-50 процентке қысқарды,
ал 1993 жылы жекелеген кәсіпорындарда жұмыс толығымен тоқтатылды. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың ажырауы салдарынан ХХ ғасырдың 90-жылдарында Қазақстан ҚӨК кәсіпорындары өте қиын кезеңді басынан өткерді.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің мәліметтері бойынша, 1998 жылдың басында 20 қорғаныс кәсіпорындарының 19-ы 1991 жылы өндірілген өнімнің 10-нан 20 процентке дейінгі мөлшерін өндірген. Тек Оралдағы «Зенит» зауытында бұл көрсеткіш, шамен, 25 процентке тең болды. Тиісінше, қорғаныс кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны да 10-20 процентке дейін елеулі қысқарды.
2003 жылғы 13-наурызда Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешенін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы холдингтік компаниясы құрылды. Аталмыш компания машинақұрылысы саласы кәсіпорындарын бірыңғай құрылым – қорғаныс өнеркәсібі кешеніне біріктірді.
2000 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды орындауға жасалған сараптама отандық кәсіпорындардағы атқарылған жұмыс көлемінің өте аз болғанын көрсетті. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тапсырыс негізнен ҚК, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың қару-жараққа, техника мен мүлікке деген сұранысын басқа елдерден жеткізу есебінен қанғаттандыруға бағдарланды..
Бұл отандық ҚӨК кәсіпорындарына кері әсер етіп, олардың дамуын тежеді.
2007 жылғы наурызда Қарулы Күштердің қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ ҚР қорғаныс өнерркәсібі кешенін 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстан армиясының қолындағы қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және жетілдіру, оның ішінде Қазақстанның кәсіпорындарында, әскери әуе техникасынының (ӘӘТ) жаңа түрлерін сатып алу, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту бойынша бір қатар шараларды жүзеге асыру көзделген болатын.
Алайда қорғаныс өнеркәсібін мемлекеттік реттеу мен оған қаржылай қолдау көрсету жөніндегі өнеркәсіп саясатының жеткілікті деңгейде тиімді болмауы салдарынан осы саладағы дағдарысты еңсеру мүмкін болмады.
Ел президентінің тапсырмасымен Қарулы Күштерді технологиялық модернизациялау мен ӘӘТ өндіруді дамытудың арнайы бағдарламасы дайындалды. Осы бағдаламаның шеңберінде жыл сайын сатылып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық мазмұнды көбейтіп, импорт үлесін азайту жөніндегі мақсатқа қол жепткізу белгіленген-ді.
Осы мақсатта Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының және басқа да отандық өндірушілердің әлеуетін неғұрлым көбірек пайдалану керек болатын-ды. Дайындаушылардың ниеті бойынша, бағдарлама күштік құрылымдарды технологиялық модернизациялау және Қазақстанның қорғаныс саласы кәсіпорындарын дамыту мәселелерін бір бірімен ұштастыруға тиіс болатын.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 28-сәуірдегі қаулысына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялары ҚР Қорғаныс министрлігінің сенімді басқаруына берілген болатын.
Осы уақыттан бастап, әскери ведомствоға Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыдан толыққанды қамтамасыз ету бойынша қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының және басқа отандық тауар өндірушілердің әулеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсаты жүктелген-ді.
Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыруда отандық кәсіпорындар басымдыққа ие болды.
Қазіргі таңда «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің негізі болып табылады. Оның құрамына 26 ұйым кіреді, оның ішінде, 26 еншілес, 3 бірлескен бақылаудағы және 6 тәуелді қорғаныс кәсіпорындары кіреді. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады.
Бүгін Қазақстан инжиниринг қызметтің келесі түрлерімен айналысады: