Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда «Ақша жинауға жол жоқ» акциясы өтуде. Бұл бастаманы білім беру департаменті жобалық кеңсемен бірлесіп жүзеге асыруда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, ата-аналардың өздері ақша жинауға бастамашы болады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Сауалнамаға қатысқан 100 ата-ананың 87-сі балалары үшін ең аз дегенде бір рет мектепке ақша өткізгендерін айтты. Сондықтан біз жүйелі жұмыс жүргізуді бастауды қолға алдық. Алайда, бірде-бір ата-ана мектепте ақша жинау фактілерінің болғанын ашық айтпады », – деді Жылқышиева.
Агенттік пен әкімдіктің «Астана – адалдық алаңы» бірлескен жобасының шеңберінде тағы бір сауалнама жүргізілді. Онда мектепке немесе сыныпқа қосымша қажетті заттар алу үшін мектептердің үнемі ақша жинайтындары анықталды.
«Негізінен қаражатты «ата-аналар комитетті» өздері жинайды. Осыған байланысты жобаның офисі ҚР Білім және ғылым министрлігіне «мектептерде ата-ана комитетін сайлауға тыйым салу» туралы ұсыныс жасады. Себебі олардың қызметі реттелмеген және күнделікті жемқорлыққа негіз қалайды», – деді ведомство өкілі.
Ол сондай-ақ мектептерде ақша жинау фактілері анықталған жағдайда және оқу орындарында заң бұзушылықтар орын алса директорларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады деп ескертті.
Ал оқушылардың ата-аналары осындай фактілерге кезіксе +7 (7172) 55-68-73, 55-68-83, +7 775 160 55 32 телефондарына хабарласа алады.