Отандық бағдарламалардың біріне келіп, өзіне мағынасы бар әндер ұнайтынын айтқан сегіз жасар бала “Ninety one” тобын сынға алды.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Жүргізушінің “Ninety one” деген топты тыңдайсың ба?” деген сұрағына жауап берген балақайдың сөздері жұртты таңғалдырған.
“Жоқ, тыңдамаймын. Олардың мәні жоқ. Еркек бола тұра, қыз сияқты. Мысалыға құлағына сырға тағады. Бір жерде қыз сияқты майысып отырады. Жыным келеді. Ер адам шыдамды, салмақты болуы керек”, – дейді ол.
Айта кетейік, осы видео әлеуметтік желіге таралып кеткен бойда оқырмандар да түрлі пікір білдіріп үлгерген.
«Балалармен алысып не болды?». Ninety one тобы мүшесінің ата-анасы МузАртқа хат жолдады
“Ер мінезді ұлдарымыз аман болсын”, “Міне таза қазақтың намысты баласы өсіп келеді”.
“Жаттатып қойған сияқты ғой бәрін”, “Кішкентай бала осындай сөздерді өздігімен айта алады ма”, – деп желі қолданушылары өз таңданыстарын білдірген.
«Қуып кетті демеңіздер…». Алтынай Жорабаева Қайрат Нұртасты жақсы көретінін айтты (видео)