2-3 қазан күндері Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында республикалық Қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «QDigitalInform» семинары өтті.
Спикерлер ретінде «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының АЖС басқармасының бас мамандары Тимур Оспанов және Әділ Әбілқасымов болды. Семинар қатысушыларының назарына «ақылды» экономика санатындағы тапсырмаларды орындау мүмкіндігін беретін блокчейн технологиясы, сонымен қатар барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, ашықтығын көрсететін мемлекеттік басқару жүйесі мен қызметтерін цифрландыру туралы ақпарат ұсынылды. Семинардың соңында команда «көшбасшылары» алған білімдерін шыңдау мақсатында шағын жобалар жасап, басқа қатысушылар алдында қорғады.
«Цифрландыру үдерісі мені болашақ мамандығымдай қызықтырады. Аталмыш шараға қатысқаныма қуаныштымын. Ең көп әсерді шексіз кезектен құтылуға мүмкіндік беретін интернет қосымшалармен танысқан кезде алдым. Сонымен қатар, осындай шаралар көп таныс табуға септігін тигізеді. Себебі байланыс орната білу сәттіліктің кепілі болып табылатыны сөзсіз», – деп ойымен семинар қатысушысы, Инновациялық Еуразиялық университетінің 1-нші курс студенті Алтынай Сәрсенбаева бөлісті.
Аталмыш семинар өтіп жатқан Павлодар үшінші өңір болып табылады.
Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры ұйымдастырды.