Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдемесі көңіл көншітпейді. Ауғанстандағы есірткі алқабының көлемі соңғы жылдары 200 мың гектардан 328 мың гектарға дейін артқан, дейді 24.kz.
Мұндай мәлімет халықаралық сарапшыларды алаңдатып отыр. Өйткені, есірткінің басым бөлігі Орталық Азия арқылы Еуропаға, одан әрі қарай мұхит асып жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен ескірткімен күрес тақырыбына арналған халықаралық конференцияда айтылды.
Есірткіні заңсыз экспорттайтын тек Ауғанстан ғана емес, оның балама түрлері елімізге Ресей мен Қытайдан да келіп жатыр.
Джон Питер Кулс, CADAP бағдарламасының Орталық Азия бойынша өкілі:
– Орталық Азияда есірткіге тосқауыл қою қиын болып тұр. Өйткені бұл аумақ есірткі өсіретін немесе оның балама түрлерін дайындайтын мемлекеттерге жақын орналасқан. Сондықтан біз бүгінгі жиында Орталық Азиядағы ескіртінің заңсыз экспортына жол бермеу жолдарын қарастырып, нашақорларды емдеу сынды бірқатар мәселелерді талқыладық.