Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
485
+2.51
EUR
525
+1.80
RUB
5.03
+0.03

Дәрі-дәрмекті рецептсіз сатуға тыйым салынады

246

Бүгін мен баяндамамда айтқандай, 2020 жылға қарсы елде толық тәртіп орнатып, барлық дəрі-дəрмекті рецептсіз сатуға тыйым салмақпыз.

Өкінішке қарай, сондай практика кездеседі. Адамдар дəріханаларға келеді, белгілі бір дəріні сұрамай, өз шағымдарын жеткізеді. Ал медициналық қызметкер емес, провизор саналатын дəріхана қызметкерлері дəрі тағайындайды. Олар күшті əсері бар препараттарды да сатады. Бұл заңның өрескел бұзылуы”, – деді Біртанов Үкімет кулуарында берген сұхбатында.

Дегенмен, министр дəріханалардың шағын жəне орта бизнес екенін ұмытпау керектігін айтты. Сондықтан, қолданыстағы заң аясында тексерулер тек халықтың ресми шағымдарының негізінде ғана жүргізіледі.

“2019 жылғы 1 қаңтардан бастап дəрі-дəрмектердің шекті бағасы белгіленеді.

Жалпы, дəріхана қызметтерін бақылау механизмі күшейтіледі. Оның ішінде препараттарды рецептсіз сатуға тыйым салу мәселесі де бар. Рецепт бойынша босатылу тиіс дəрілердің барлығы рецептке сай сатылуы тиіс. Бұл үшін бізде ақпараттық жүйе əзірленіп жатыр”, – деді Елжан Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз