Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Құдай аясын сендерді” . Ерке Есмаханның сіңлісі өзін “ұсқынсыз” деп сынағандарға жауап берді.

366

 

Ақбөпе Ерке Есмахан сияқты танымал болмаса да, ол да өнер адамы. Таңдаған жары да бұл әлемнен алыс емес. Тимур есімді жігіт білікті режиссер.

Өнерде жүрген қос ғашықтың өмірге деген көзқарасы да ерекше. Тимур мен Ақбөпе үйлену тойларына өзгеше стильде киініп келген.

Бес тонна макияж, сәнді шаш үлгісі мен ұзын көйлектен бас тартқан Ақбөпе бұл күні ретро стильді таңдаған. Алайда желі қолданушылары бойжеткеннің бұл әрекетін ерсі деп тапса керек-ті.

https://kaz.365info.kz/maskhara-otbasyly-madina-saduakhasova-da-zhalanash-keudesin-korsetti-foto-333317

“Сiздер қалай ғана адамды әдемі, ұсқынсыз деп ажырата аласыздар? Егер сіз солай бөлетін болсаңыз, Құдайға қарсы келгеніңіз ғой?! Бізді, сізді жаратқан Құдай. Осындай миға қонбайтын пікірлеріңізді Құдайға жазып көріңіз, бірақ жауапты ана дүниеде аласыз. Адамның бәрі әдемі. Өйткені біз Құдайдың жаратылысымыз.

Тимур менен де әдемі, көздері дәу, еңселі, денелі, бойы ұзын, шашы қалың, құлағы Шәмшінің құлағындай, даусы жуан, тырнақтары әдемі. Ең бастысы, жүрегі ғажап. Сендерге түр маңызды болса, маған жүрегі, оның тәрбиесі, маған сыбырлап айтатын сөздері маңызды.

Сендер терең ойлай алмайтын, тайызда қалқып жүргенге мәз бола беретін адамсыздар. Не деймін? Құдай аясын сендерді. Тимур басында малғұндардың әңгімесін көріп, депрессияға түсіп қалған. Бірақ үш сағаттан кейін депрессиядан, пікірлеріңізден iшiмiз пысып кеттi” – деп ашынды Ақбөпе.

https://kaz.365info.kz/zhylmalap-kharashy-oramal-dauyna-khatysty-pikir-bildirgen-zejnep-ahmetova-ashynyp-ketti-333467

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз