Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Талдықорған мен Жамбыл облысында ішкі істер органдарын цифрландыру оң нәтиже беруде

1333

  • Енді мұндай орталықтар еліміздегі өзге де шағын қалаларда құрыла бастайды.

Талдықорған қаласы бойынша бастапқыда небәрі 16 бейнебақылау камерасы орнатылса, қазір Алматы облысының орталығында «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз аула» полицейлік бағдарламалары бойынша 669 бейнкекамера жұмыс істеп тұр.

Тәртіп сақшылары осы заманауи құрылғылардың көмегімен көшеде жасалған құқықбұзушылық пен қылмыстық істерді дер кезінде анықтауда. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына 79 мың құқықбұзушылық пен оқыс оқиғалар туралы хабарлама келіп түскен. Соның 26 мыңнан астамы тіркелді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен өткен 8 айдың ішінде 7 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 91 қылмыстың ізі суымай ашылған екен. Талдықорған қалалық ІІБ жедел басқару орталығының басшысы Бауыржан Шайзановтың айтуынша, мұндай цифрлық технологияның көмегі зор.

– Бейнебақылау камераларының біздің күнделікті жұмысымызға өте маңызды көмегі бар. Неге десеңіз, біз бейнекамерадан көріп, рация арқылы полиция қызметкерлеріне мәлімет беріп, олар шұғыл әрекеттерін қолданады. Жиі кездесетін құқық бұзушылық — көлік тонау. Аккумулятор ұрлайды, дөңгелек ұрлайды және және көшедегі қылмыстар. Ол көбіне бұзақылық, дейді Б.Шайзанов.

Алдағы уақытта Талдықорған қаласындағы «Самал», «Жастар» ықшам ауданы мен Үйтас, Ащыбұлақ, Шайқорған сияқты саяжай аумақтарына қосымша 202 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Цифрландыру үрдісі Жамбыл облысында да қарқынды жүріп жатыр

Мұнда әкімшілік құқықбұзушылық пен қылмыстық іс жүргізу электронды түрде жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе арқылы жыл басынан бері 42 мыңнан астам хаттама толтырылып, 192 миллион теңге айыппұл салынған. Өңір полицейлері 175 дана арнайы планшетпен қамтамасыз етіліп, жұмыс істеуге көшті. Бұл тәртіп сақшыларының Ішкі Істер министрлігінің базасына оңай кіріп, қажетті ақпаратты жедел алуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қылмыстық істер де электронды түрде жүргізіле бастады. Жобаға әзірге жеңіл санаттағы қылмыстар енгізілген. Желтоқсан айына дейін орта санаттағы қылмыстар енсе, 2021 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша істер электронды түрде жүргізіледі.

– Биылғы жылдың 8 айында Жамбыл облысының ІІД аудан, қала бөіліністерінің барлығымен 480 қылмыстық іс электронды форматта өндірісте болған. Оның 163-і сотқа жолданды, дейді Жамбыл облыстық ІІД басқарма басшысының орынбасары Жарасхан Ақбердиев.

Бүгінгі таңда 162 жұмыс орны бекітілген. Яғни компьютер, стилус, гарфикалық планшет барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Осылайша аталған саладағы әкімшілік іс-жүргізу өндірісі біртіндеп электрондық форматқа көше бастады.

Ал

жедел басқару орталықтары қазір Семей мен Жаңаөзен, Рудный, Щучинск, Хромтау сияқты шағын қалаларда жұмыс істеп тұр.

  • 2019 жылы Қапшағай, Риддер, Теміртау, Степногорскте құрылады.

Айта кетсек, Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Фото: © Sputnik / Анатолий Устиненко
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз